Ерлан Қарин ҚСЗИ ұжымына жаңа директорды таныстырды

Жаршы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұжымына Мемлекет басшысының өкімімен институттың директоры қызметіне тағайындалған Жандос Шаймардановты таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ Ерлан Қарин Институттың бұрынғы директоры Еркін Тұқымовқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

Мемлекеттік кеңесші институт басшысына талдау материалдарын сапалы әзірлеуге, зерттеу әдістемесін жетілдіруге, жаңа бағыттардағы жұмысты жандандыруға және талдаумен айналысатын басқа да құрылымдармен өзара іс-қимылды күшейтуге қатысты маңызды міндеттер жүктеді.