АҚШ президентінің әкімшілігі тағы 36 елдің азаматына мемлекет аумағына кіруге тыйым салды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл шара ұлттық қауіпсіздікке байланысты қабылданған. Аталған елдердің азаматына АҚШ-тағы лаңкестік, сондай-ақ антисемиттік және антиамерикалық акцияларға жиі қатысқан деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Мемлекеттік департмент өкілдері мәлімдеді. Тізімде Африканың Мысыр және Джибути сияқты 25 мемлекеті, сондай-ақ Кариб аймағы елдері бар. Шектеулердің енуіне әлі 60 күн бар. Ақ үй аталған мемлекеттер осы 2 айдың ішінде өздерінен күдікті алып тастауына мүмкіндік бар дейді.
Естеріңізге сала кетейік, мамырдың басында Дональд Трамп Ауғанстан, Иран, Ливия мен Йемен сияқты 12 елдің азаматына кіруге шектеу салған жарлыққа қол қойған болатын.