Балабақшада бүлдіршіндерді ұрып-соққан шымкенттік тәрбиеші 80 сағат қоғамдық жұмысқа жегілді. Қылмыстық істер бойынша ауданаралық соттың шешімімен педагог өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін осындай жауапкершілікке тартылды. Қалалық прокуратураның мәліметінше, бұл іске қатысты тиісті сараптамалар үш сағаттың ішінде дайын болып, қылмыстық іс сол күні-ақ сотқа жолданған . Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада «Ай көркем» балабақшасы тәрбиешісінің балаларды теуіп, қалың дәптер және сызғышпен аяусыз ұрып соққаны таспаланған бейнежазба жұрттың жағасын ұстатқан еді.
Ғани Қалмаханов