Бүгін дзюдодан Әлем чемпионатының үшінші күні басталады. Жарыс жолына ұлттық құрама сапынан ерлерден Есет Қуанов шығады. Ол 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, бақ сынайды.
Әзірге Қазақстан құрамасы Әбиба Әбужақынованың күмісінен кейін жалпы командалық кестеде 4-ші орында. Көш басында әдеттегідей Жапония, екінші орында Италия. Ал үздік үштікте Тәжікстан құрамасы тұр.