Қазақстанның ірі қалаларының бірінде бүгін күн 38 градус ыстық болады

Жаршы

Астана, Алматы мен Шымкенте 15 маусым күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы — 31 градус, түнде 18 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы 3,7 м/с болмақ.

Синоптиктердің болжамынша, Астанада да күн бұлтты болмақ. Күндіз ауа температурасы 26 градусқа дейін көтеріліп, түнде 17 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 5,8 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн ашық болады. Күндіз термометр бағаны 38 градусқа дейін көтеріліп, түнде термометр бағаны 21 градусқа түседі. Желдің жылдамдығы 9,2 м/с деңгейінде болмақ.