Мектептердің тамақтану мәзірі өзгереді

Жаршы

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Майға қуырылған бәліш, тәтті сусындар мүлдем болмайды. Мектептердің тамақтану мәзірі өзгереді. Балаларды сапалы, әрі денсаулыққа пайдалы өнімдермен қамтамасыз ету үшін халықаралық талаптар да ескерілген. Сонымен, мектеп оқушыларының тамағы қандай? Самал Қабышева толығырақ.

Қойдың етінен тағам жасауға тыйым салынады. Мектеп асханаларына осындай талап қойылады. Енді оқушыларға тек жылқы, сиыр, тауық және күркетауық етінен тамақ беруге рұқсат етіледі.

Кәмшат Мұратқызы, ҚР ДСМ СЭБК тамақтану, білім беру және тәрбиелеу обьектілерін бақылау басқармасының бас сарапшысы:

Еттерден қой, шошқа еттері алынып тасталды. Себебі, олардың құрамында насыщенный майлар көп болғандықтан алынып тасталып отыр. Бұл ғылыми дәлелденген. Тамақтану стандартын әзірлеуде халықаралық ұйымдар қатысты. Қазір тамақтану мәзірінен алынып тасталған бәліш.

Майлы тағамдарға тыйым салынады. Жаңа мәзірде қант, тұз және майды тұтыну азаяды. Себебі, аталған өнімдерді шамадан тыс пайдалану – семіздік, қант диабеті, асқазан ауруларының асқынуына әкелуде. Есесіне, жеміс және көкніс өнімдерін пайдалануға басымдық беріледі.

Алмаз Шарман, Қазақ тағамтану академиясының президенті:

Сонымен қатар, фаст-муд, газдалған сусындар мен чипсылар мүлде болмайды. Жаңа стандарттар тамақтың сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Мәселен, тамақтан кейін қалған тағам мөлшерін бақылап, егер ол көп болса, мәзір қайта қаралады.

Бала мектеп асханасы ұсынған тағамды жемесе, ол рәсуә болып, қоқысқа төгілсе, қайта ас мәзірі әзірленеді. Санитарлық нормалар қатаң сақталып, тағам сапасы мен қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуі қадағаланады.

Самал Қабышева, тілші:

Мектеп асханаларының мәзіріне енгізілген өзгерістер 1 қыркүйектен бастап күшіне енедің. Ал,оған дейін жаңа талаппен мамандарды таныстыру және оқыту жұмыстары жүргізіледі.

Самал Қабышева