Қорғаныс министрлігі 104 жастағы соғыс ардагерін мерекемен құттықтады

Жаршы

Еліміздің Қорғаныс министрлігі мен Қонаев гарнизонының әскерилері 104 жастағы соғыс ардагері Оксана Бетебаеваны 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдаушы бригадасының ұжымы қарт майдангердің үйіне жылдағы дәстүрге сай оркестрмен барды. «Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Бүгінгідей бейбіт өмірге жетуіміз зұлмат соғыс жылдарында етігімен қан кешкен ерлер мен батыр аналардың ерлігі арқасында мүмкін болды», – дейді олар. Қазіргі таңда Алматы облысында бар болғаны бес соғыс ардагері ғана қалды. Олардың барлығы ғасырдан астам ғұмыр кешкен жандар. Олар – Солтанбай Жарықбасов, Фёдор Ковалев, Тәңірберген Толғанбаев, Алим Кебиров және бүгінгі кейіпкеріміз Оксана Бетебаева.

Нұрбол Жұмашханұлы, Алматы облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы:

- Соғыста көрсеткен ерлігі үшін Қорғаныс министрінің атынан алғыс хат әкеліп, табыстап отырмыз. Апамыз бүгін 104 жасқа келіп отыр. Елімізде соғыс болмасын! Осындай ардагерлеріміз аман болсын!