Жаңа ғана сенат отырысы басталды. Онда бірнеше заң жобасы қаралып жатыр .
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Сенаттағы Күн тәртібінде бірнеше заң жобасы қаралмақ. Әуелі Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау жоспарланып отыр. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бірінші оқылымда талқыланады. Тап осы заң жобасы мәжілісте қаралғанда бірқатар өзгерістер айтылған еді. Негізгі жаңалықтардың бірі — үлестік қатысу туралы шарттарды электрондық форматта жасау мүмкіндігі болады. Мұндай шарттардың есебі жергілікті атқарушы органдардың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі. Жаңа нормаларға сәйкес. Құрылыс салушылар үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз тарта алмайды. Үлескерлер қаражатын тартуға рұқсаты жоқ нысандарға жарнама жасауға тыйым салынады. Құрылыс салушы құрған уәкілетті компаниялар арқылы үлескерлерден қолма-қол ақша қабылдауға тыйым салынады. Рұқсатсыз салынып жатқан нысандардағы пәтерлерге ипотекалық несие берілмейді. Бұдан басқа ақпараттарды алдағы эфирлерде қамтитын боламыз.
Азамат Бейбітұлы