АҚШ-тағы тәртіпсіздіктердің экономикалық салдары ауыр болады — сарапшы

Жаршы

АҚШ-тағы тәртіпсіздіктерге қатысты қазақстандық саясаттанушы Уәлихан Бахретдинов өз пікірін бөлісті. Ол Калифорниядағы жағдайдың Америка экономикасына салдары ауыр болатынын айтады.

Уәлихан Бахретдинов, саясаттанушы:

- Калифорния штатындағы ереуілдер – президент Трамптың заңсыз мигранттарды депортациялау туралы даулы заң жобасының салдары. Бұл АҚШ қоғамындағы қиын жағдайдың көрсеткіші. Ол штаттың ғана емес, бүкіл Американың экономикалық тұрақтылығына қатты әсер етеді. Өйткені Калифорния федералдық бюджетке салық ең көп төлейтін ірі штат саналады. Кремний алқабы секілді ғылыми-техникалық база да осында шоғырланған.