«Балаға обал болды»: Қыздарына хиджаб кигізген Айдана Меденова сынның астында қалды (ВИДЕО)

Жаршы

Белгілі әнші Айдана Меденова өзінің желідегі парақшасына Құрбан айтты тойлап жатқан сәтінен видео жариялады. Алайда екі қызына да орамал кигізуі жұрттың наразылығын тудырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айдана Меденова оқырмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Видеодан кішкентай қыздарының хиджаб кигенін байқауға болады. Желі қолданушылары өнер иесінің бұл әрекетін жаппай сынға алды.

"Кіп-кішкентай қыздарды оратып", "Не болды сонша оранып", "Кішкентай қыздарға обал, ненің өтеуі оларды тұмшалап орап түсінбеймін", "немене оранып, балаға обал болды ғой", — деп жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айдана Меденова (@aidanamedenova_officialpage)