Қазақстан мен Иранның тауар айналымы 50 пайызға артты.
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Иран Президенті Масуд Пезешкианмен кездесуі кезінде айтылды. Тараптар екі жақты ынтымақтастықты дамыту, арадағы қатынастарды жан-жақты нығайту мәселелерін талқылады. Бұдан бөлек Каспий теңізінің транзиттік әлеуетін пайдалану және көлік-логистика саласындағы бірлескен жобалардың перспективаларын қарастырды. Сондай-ақ Мұрат Нұртілеу Иран басшысына Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен Құрбан айт мерекесіне орай жолдаған құттықтауын жеткізді.