Демалыс күндері ел аумағында қатты жаңбыр, бұршақ, аптап ыстық күтіледі

Жаршы

Синоптиктер демалыс күндері ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды " Қазгидромет " РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы демалыс күндері Қазақстанның батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің орталық өңірлерінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі.

Күндіз батыста ауа температурасы 22-30 градустан 30-37 градусқа дейін, солтүстік-батыста 20-30 градустан 23-33 градусқа дейін көтеріледі.

Республиканың солтүстігінде 18-28 градус жылы болады. Шығыста, орталықта керісінше ауа температурасы 20-33 градусқа дейін төмендемек.

Ал Қазақстанның оңтүстігінде термометр бағаны 25-35 градустан 29-37 градусқа дейін көтеріліп, оңтүстік-шығыста 30-39 градус қатты ыстық сақталады.