Илон Маск бір күнде 34 миллиард долларынан айырылды .
Мұндай шығынға Дональд Трамппен арадағы жанжал себеп болған. Содан АҚШ президенті де 1 миллиард долларын жоғалтқан. Естеріңізде болса, американдық милилардер бюджетке қатысты әзірленіп жатқан заң жобасын қатаң сынға алған еді. Масктың пікірінше, бастама мемлекеттік шығынды арттырып, салық төлеушілерге салмақ салады. Осыдан кейін Ақ үй басшысы кәсіпкермен келісім-шарттарды бұзып, мемлекеттен төленетін субсидияларды тоқтатамын деп сес көрсетті. Кешелі бері Маск пен Трамп әлеуметтік желіде бір-біріне ауыр сөздер айтып, мәлімдемелер жасап жатыр. Содан милилардерге тиесілі «Тесла» акциялары 15 пайызға құлдырады. Ал Ақ үй басшысының «Трамп Медиа энд Технолоджи Груп» компаниясының құнды қағаздары 11 пайызға арзандаған.