Сирияда қауіпсіздік күштері Асадтың жақтастарымен қақтығысты

Жаршы

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Сирияның Латакия провинциясында қауіпсіздік күштері экс-президент Башар Асадтың жақтастарымен қақтығысты. «Би-Би-Си»-дің мәліметінше, жанжалдан 70 адам қаза тапқан. Марқұмдардың арасында қауіпсіздік қызметкерлері, Асад күштері мен бейбіт тұрғындар бар. Бірнеше адам тұтқынға түсті. Алдымен биліктен аластатылған президент Асадты қолдайтын топ Джебла қаласының блокпостына шабуыл жасаған. Билік олармен күреске қосымша күш жіберді. Бұған қоса провинцияда коменданттық сағат енгізілді.

Арай Төлегенқызы