Оңтүстік Кореяда президент сайлауы өтіп жатыр

Жаршы

Оңтүстік Кореяда президент сайлауы өтіп жатыр. Дауыс берушілердің 71%-і өз таңдауын жасап үлгерді.

Саяси додада 5 кандидат бақ сынап жатыр. Бірақ қоғамдық сауалнамаларға қарағанда басты үміткерлер үшеу. Олар: оппозициялық «Тобуро» партиясының көшбасшысы Ли Чжэ Мён, билік басындағы «Халық күші» партиясының кандидаты Ким Мун Су және «Жаңа реформалар» партиясының жетекшісі Ли Джун Сок. Жеңіске жеткен үміткер елді 5 жыл басқарады. Қазіргі дода бұрынғы президент Юн Сок Ёльге импичмент жариялануымен байланысты кезектен тыс сайлау болғандықтан, жаңа Мемлекет басшысы қызметіне бірден кіріседі.