Жолаушылар автобусы Астанада бағанаға соғылды (фото, видео)

Жаршы

Желіде жол апатына түскен жолаушылары автобустың видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша, автобус бағанаға соғылған. Оқиға орнына медицина қызметкерлері жеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Astanovka98 Telegram-арнасында жарияланған жазбаларға сүйенсек, Астанадағы Самал ықшамауданында жолаушылар автобусы жол апатына ұшыраған.

Желідегі ақпараттарға сай, көлік құралы бағанаға соғылғаны хабарланды. Зардап шеккендер туралы куәгерлер ақпарат берген жоқ. Қазіргі таңда оқиға орнында жедел жәрдем көліктері тұр.

Куәгерлер жол апаты болған жерде адамдар жиналып алғанын жеткізеді.

Артынша автобустың алдыңғы бөлігінің фотосы жарияланды. Көлік құралының есігі ашылмай қалғаны айтылды.

KAZ.NUR.KZ Астана полиция департаменті баспасөз қызметіне аталған жайт бойынша сұрау салды.