Айтулы атбегілер Астанаға жиналды, деп хабарлайды 24kz.
Бүгін елордада конкурдан Еуразиялық лиганың әлем кубогы кезеңі мен халықаралық турнир басталды. Дүлділдер дүбіріне Қырғызстан, Өзбекстан, Армения және Грузиядан 60-тан аса спортшы келді. Олар үш күн бойы конкур және түрлі деңгейдегі сайыстарда өз шеберліктерін көрсетеді. Ат үстінде жүргендер: «Бас қаладағы байрақты бәсеке шабандоздар үшін келер жылы өтетін әлем чемпионатына жолдама алуға үлкен мүмкіндік», - дейді.
Шыңғыс Маликаждар, Конкурдан ұлттық құрама мүшесі:
- Бұл жарыс біз үшін өте маңызды. Себебі әлемдік деңгейге шығатын бірден бір турнир. Бұл жарыс бізге әлем чемпионатына жолдама береді. Оған тек 1 ғана спортшы қатысады. Ары қарай олимпиадаға шығатын жол ашылады.