«Шекара аруы – 2025» фотобайқаудың жеңімпазы анықталды

Жаршы

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

«Шекара аруы – 2025» фотобайқаудың жеңімпазы анықталды. 8 наурыз қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы байқау өткізіп, оған еліміздің әр аймағынан 22 үміткер қатысты. Жеңімпазды анықтау үшін ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында дауыс беру жарияланған, онда әрбір оқырман өзінің сүйікті әскери қызметшісіне дауыс берді. 1-орынды иеленген қызметкер 1 млн-нан астам дауыс жинаған. Мұндай іс-шара әйелдердің әскери саладағы маңыздылығы мен рөлін арттыруға ықпал етеді, дейді ұйымдастырушылар.

Оңғар Алпысбайұлы