Тоқаев президент іс басқарушысының жаңа орынбасарын тағайындады

Жаршы

Ерлан Сүттібаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Жақыпұлы Сүттібаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды", — делінген ресми хабарламада.