Шымкенттің қоғамдық орындарында дабыл түймелері орнатылды

Жаршы

Аталған қаланың халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарында дабыл түймелер жүйесі орнатылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әр «SOS» батырмасы камера, микрофон, динамикпен жабдықталған, бұл операторға қоңырау шалушыны көруге, естуге және полиция наряды келгенге дейін қажетті нұсқаулықтар беруге мүмкіндік береді.

«SOS» қылмыстың алдын алуды және қауіпсіздікті күшейтуді көздейді, құрылғылар вандализмге төзімді етіп жасалған. Жуырда қала аумағында қосымша 50 құрылғыны орнату жоспарланып отыр.