Биыл 7 креативті индустрия орталығы ашылады

Жаршы

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Биыл елімізде 7 креативті индустария орталығы ашылады. Қазір мұндай 13 нысан бар. Оның бірі Қосшы қаласында. Бүгін сол орталықта қолөнер шеберлерін толғандырған мәселелер кеңінен талқыланды. Жиынға бірнеше министрліктің өкілдері мен мәжіліс депутаттары қатысып, өнер иелерінің өзекті түйткілдерін тыңдады. Оған негіз де жоқ емес. Себебі, қазір креативті индустрияға қатысты заң жобасы мәжіліс қабырғасында қаралып жатыр. Қолөнершілерге қолдау аз. Олардың өнімін сөреге шығарып, сұранысты арттыру маңызды. Сондықтан, осы бағытта тыңі тетіктер зерделеніп жатыр дейді депутаттар.

Ажар Сағындықова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Біз көтеріп жатқан тақырыптың бірі бұл — креативті индустрия туралы заң. Бұл біз үшін жаңа бағыт, сондықтан жұмыс тобының өзінде талқы өте қызу әрі пікір де алуан түрлі. Негзігі мақсат — қолөнер шеберлеріне барынша қолдау көрсетіп, олардың өнері мен кәсібінің дамуына жағдай жасау.

Азамат Бейбітұлы