Сәуір айында "Сәтті Сәрсенбі" акциясы аясында Астана мен Алматы бағытындағы "Тальго" пойызының купе орындарына билеттерді -35% жеңілдікпен алуға болады. Бұл туралы "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның ресми Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Билеттің бағасы – небәрі 13 919 теңге болады.
Акция шарттары:
- №3/4 және №9/10 бағыттарындағы купе вагондарына -35% жеңілдік
Акция тек сәуір айының сәрсенбі күндеріне, яғни 2, 9, 16, 23 және 30 сәуірге сатып алынған билеттерге қолданылады.
Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан, теміржол вокзалдарындағы кассалардан немесе Android жүйесіндегі "Билет КТЖ" мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.
"Сапарыңызды тиімді әрі ыңғайлы ету үшін "Сәтті Сәрсенбі" акциясын таңдаңыз!", — делінген "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның ресми хабарламасында.