Павлодар облысында қайтарылған активтер есебінен 5 медициналық нысан салынады

Жаршы

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Павлодар облысындағы шалғай ауылдарда биыл бес медициналық нысан салынады. Құрылыс мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүргізіледі. Яғни арнайы қордан 228 млн теңге қаржы бөлінді. Биыл мәселен «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Екібастұз қаласына қарасты Бәйет ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт бой көтереді. 900-ге жуық тұрғыны бар ауылдағы 40 жыл бұрын салынған жалғыз медициналық нысан апатты жағдайда тұр. Ақсу қаласы, Тереңкөл, Железинка және Ертіс аудандарында да жыл аяғына дейін жаңа медициналық мекемелер пайдалануға тапсырылады. Өткен жылы аймақта осындай бірыңғай үлгідегі 30 медициналық пункт салынған. Нәтижесінде аймаққа келген 197 медицина маманы тұрақты жұмысқа орналасты.

Болат Аманбай