Атырау облысында су тасқынына қатысты бақылау күшейді

Жаршы

Судың қауіпсіз ағынын қамтамасыз ету үшін су басуы ықтимал барлық елді-мекендерде ТЖМ мамандары тәулік бойы мониторинг жасап, арнайы штаб құрылды.

Су тасқыны қаупін бағалау мақсатында тікұшақпен Атырау-Кұлсары-Миялы-Атырау маршруты бойынша әуеден барлау жұмыстары жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, Жылыой және Қызылқоға аудандарындағы Жем, Ойыл, Ноғайты өзендері бойында қап төсеу, бөгеттерді инертті материалдар арқылы нығайтып бекіту жұмыстары нәтижесінде қазіргі таңда 85 679 қап дайындалып, 21 000 тонна инертті материал төселді.