Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
2025 жылдың 31 наурызында Астана уақыты бойынша 12:25-те Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығы" ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 178 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 178 шақырым оңтүстік-батысқа қарай және Бішкектен 51 шақырым қашықтықта орналасқан.
Қазақстан аумағында бұл жер сілкінісінің дүмпулері сезілмеген.