Германияның зымыран тасығышы апатқа ұшырады

Жаршы

Норвегияда германиялық «Спектрум» зымыран-тасығышы апатқа ұшырады.

Зымыран осы елдің солтүстігіндегі ғарыш айлағынан ұшырылған еді. Бірақ 18 секундтан кейін басқару жүйесінен ақау шығып, жағалаудағы суға құлап, жарылып кетті. Дегенмен, компания сынақ сәтті өтті деп отыр. Себебі зымыранды орбитаға шығару жоспарланбаған көрінеді. Жоба іске асса, жаңа тасығыш арқылы ғарышқа кіші және орта қашықтықтағы зымырандар ұшырылмақ.