Бұған дейін көрші Словакияда малдарда жұқпалы ауру анықталған еді, деп хабарлайды 24kz.
Қазір екі ел арасындағы шекара жабылды. Левельде індет жұқтырған 2 мыңнан астам ірі қараның көзі жойылды. Аусыл тараған шаруа қожалықтар карантинге жабылды. Билік малшыларға барынша сақ болуды ескертіп, күдік тудырған жануардан бірден арылуды міндеттеді.