Боксшының алғашқы бапкері: Жәнібектің жеңісті жолы жалғасады

Жаршы

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Жәнібектің жеңісті жолы жалғасады. Еліміздің атын әлемге танытып жүрген Әлімханұлының алғашқы бапкері осындай пікір білдірді. Мұрат Сиқымбаев шәкіртінің мүмкіндіктерін жоғары бағалайды. Алдағы жекпе-жекте ел үмітін ақтап, абыройлы өнер көрсететініне сенімді.

Мұрат Сиқымбаев Жәнібекті сонау туған жері Алакөл ауданы, Жыланды ауылында жүрген кезінен бастап жаттықтырған. 7 жастағы баланың талабын байқап, боксқа баулыды. Кейіннен Алматыда жаңадан ашылған Республикалық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернатына әкелді. Тынымсыз еңбектің арқасында үлкен жетістікке жеткен спортшы 5 сәуір күні жерлестерін тағы да жеңіспен қуантады,-дейді бапкері.

Мұрат Сиқымбаев, Ж. Әлімханұлының алғашқы бапкері:

Жәнібекпен хабарласып тұрамын. Дайындығы жақсы, бабында.Жеңеді, жеңетініне сенемін. Елдің алдында, отандастарының алдында намысын бермейді.

Әуесқой бокста әлемдік шыңдарды бағындырған Жәнібек Әлімханұлы 2018 жылы АҚШ-қа аттанып, кәсіпқой боксқа түбегейлі бет бұрды. Содан бері 16 жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтады. Шаршы алаңда атой салып, шеберлігімен көзге түскен боксшы – бүгінде жас жеткіншектерге үлгі.

«Qazaq style» атымен танымал отандасымыз алдағы сенбіде Астанадағы «Барыс аренада» француз спортшысымен жұдырықтасады. Жаһан жұрты көз тіккен бәсекеде жерлестеріміз Жәнібекке үлкен үміт артып отыр.

Ернұр Медет