Қазгидромет 29, 30, 31 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес алдағы күндері де кең ауқымды антициклон Қазақстанның солтүстік, шығыс, орталық өңірлеріне әсерін сақтайды, бұл өңірлерде күн шуақты болады.
"Елдің батысында, оңтүстігінде фронтальды бөлімдер әсерінен ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауады, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, сондай-ақ, тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады", — деді синоптиктер.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!