Жұбайы және кіші ұлымен Дубайда жүрген әнші Ерке Есмахан ол жақта кіммен кездескенін көрсетті. Әнші құрбысымен бірге түскен фотосын жариялады , деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өткен аптада Ерке Есмахан күйеуімен бірге тағы да саяхатқа шығуды жоспарлап жүргенін айтқан.
Ерлі-зайыпты бұл жолы Дубайға ұшып кетті. Ол жақта жұлдызды жұп шопинг жасап, демалып жатыр. Өнер иесі Біріккен Араб Әмірліктерінде тұратын құрбысы, қазақстандық актриса Гүлназ Жолановамен жолыққан.
"Отбасымен Дубайда тұратын құрбым – Гүлназ Жоланова. Көптен кездесе алмай жүр едік, бүгін бұйырыпты", — деп жазған әнші құрбысымен бірге түскен суретін жариялады.
Скриншот: instagram.com/erke_esmahan
Гүлназ Жоланова да Ерке Есмаханның Instagram желісіндегі story-ін бөлісті.
"Бүгінгі таңым осылай басталды", — деп жазды "Бизнес по-казахски" фильмінің жұлдызы.