Атырауда Туды өзгертіп, тұмшаланып суретке түскендер полицияға жеткізілді

Жаршы

Атырауда бет-аузын тұмшалап , Ту ұстап суретке түскендер кім екені анықталды. Соталды тергеу басталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау Полиция департаменті мәліметінше, әлеуметтік желілерде тараған суретке қатысты мемлекеттік рәміздерді қорлау туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Суреттегі төрт күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды", — деп жазылған департамент хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде бет-аузын тұмшалағандардың суреті тарады. Олар Сауд Арабиясы туының элементтері бар Қазақстан Туын ұстап тұрғаны көрінеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз