АҚШ Президенті Дональд Трамп Палестинаның ХАМАС тобына израильдік тұтқындарды дереу босатпаса және қаза тапқандардың сүйегін бермейтін болса , оны жойып жіберетінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Газа тұрғындарына арнаған үндеуінде Дональд Трамп оларға «жарқын болашақ» уәде еткен болатын. Алайда президент уәдесін израильдіктер де барлық тұтқынды босатқан жағдайда орындайтын жеткізді.
Сәйкесінше осы сөзді қарсы тарапқа да айтқан болатын.
Америка басшысы өзінің Truth әлеуметтік желісінде Израильге «жұмысты аяғына жеткізу үшін» барлық қажетті нәрсені жіберетінін жазды.
«Менің айтқанымды бұлжытпай орындамаса, ХАМАС мүшелерінің бірде-бірі аман қалмайды», деп доқ көрсетті Дональд Трамп.