Ұлытау облысында қағаз, пластик және резеңке өңдеу цехы салынады, деп хабарлайды 24kz.
Жалпы құны 840 млн теңге болатын жобаны жеке инвестор жүзеге асырмақ. Ол 134 млн теңгені өзі бөледі және Өнеркәсіпті дамыту қоры мақұлдаған лизингтік қаржыландыру шеңберінде 705 млн теңге тартады. Үкімет отырысында облыс әкімі Дастан Рысбеков жобаны іске асыруға 16 гектар жер телімі бөлінгенін жеткізді. Жаңа кешен жылына 50 мың тоннаға дейін қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жаратады. Сондай-ақ аймақта қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны салынады.