Депутаттар: Ұлттық құрылтай елдің тұтастай дамуына ықпал етеді

Жаршы

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Бурабайда өткен құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы шағын және орта бизнес, технология сынды бірнеше маңызды салаға тоқталды. Осылай деген Мәжіліс депутаттары Ұлттық құрылтай мемлекеттің тұтастай дамуына ықпал ететін маңызды институтқа айналды деген пікірде.

Ерболат Саурықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Құрылтайда тек қана елдің ішкі идеологиясы, ғылым мен білімінің немесе археологиясының дамуы емес, бұл тұтастай даму. Кешенді даму.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Ахаңның айтқан «ұлт үшін майда-шүйде деген мәселе болмайды» деген жақсы сөзі бар ғой. Менімше бәрі де маңызды. Президент нақты бір заңдар туралы да тапсырмалар берді. Мысалы үшін өткен Атырауда айтылған мәселелер тоғыз заң болып еніп жатыр. Бірнеше жарлық, қаулы шықты. Бұл да осы алаңның үлкен беделге, үлкен бір қасиетке ие болғанының дәлелі.

Жанарбек Әшімжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Биылғы құрылтайда мен өзім кезексіз жасалған жолдау сияқты қабылдадым. Бірнеше бағыт айтылса да менің өзіме көңілден шыққа нәрсе бұл кино саясатына қатысты. Өйткені қазір кино үлкен идеология, үлкен саясат. Біз қатаң сараптама жасауымыз керек. Себебі мемлекеттік тілден бастап, ұлттық тәрбие, ақпараттық қауіпсіздік, тәуелсіздіктің тамырына балта деген бағытта үлкен мәселелер бар. Осыны мемлекет басшысы ашық айтты.

Нұрсұлтан Тілектес