Ресми: Мұхит Амантаев пен Ануарбек Бекембетов шаршы алаңда кездеседі

Жаршы

Танымал бапкер Мұхит Амантаев пен аралас жекпе-жек шебері Ануарбек «Мотиватор» Бекембетов жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы AllStarsBoxing өзінің парақшасында реси түрде жариялады.

Жанкүйер күткен айқас 6 маусым күні Алматыда өтеді.

«Мұхит Амантаев пен Ануарбек «Мотиватор» Бекембетов – AllStarsBoxing 4 турнирінде! Екі бокс шебері қызықты жекпе-жекте кездеседі. Бекембетов өзін ММА мен жалаң жұдырық жекпе-жектерінде дәлелдесе, Амантаев – тәжірибелі жаттықтырушы және халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бұл айқас нағыз тартысты болмақ», — делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ALL STARS BOXING (@all.stars.boxing.kz)