"Еш нәтиже болмады": Динара Сәтжанға той көйлегін тігіп жатқан отандық дизайнер қандай қиындыққа тап болды (видео)

Жаршы

Динара Сәтжанға той көйлегін тігіп жатқан отандық дизайнер Наиль Байкүшіков қалыңдық көйлегін тігу барысында қандай қиындықтарға тап болғанын айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Наиль Байкүшіков Instagram желісіндегі парақшасында белгілі тележүргізуші, блогер Динара Сәтжанға той көйлегін тігу барысында бірқатар қиындыққа тап болғанын жазып, видео жариялады.

"Неліктен Динара Сәтжанның той көйлегін бір түнде тігіп шықсам да, бәрі ойдағыдай бола қоймағанын осы видеода айтып беремін.

Мәселе мынада, Динара Стамбулға бір-екі күнге ғана ұшып келген болатын. Әлбетте кездестік, әдеттегідей мәз болып, дәмді кешкі ас ішіп, керемет кеш өткіздік. Келесі күні кофе ішу үшін тағы кездестік, сол кезде Динара той көйлегі керек екенін айтты", — деп есіне алды ол.

Дизайнер бұл ұсынысты қуана қабылдап, дереу тапсырысты орындауға кіріскен.

"Әрине, қатты қуанып, шабыт алдым. Динара музам болғандықтан, бірден жұмысқа кірісіп кеттім, дәл сол түні көйлекті жинап, келесі күні өлшеп көруге дайындап қойдым. Бірақ ертеңгі күні Түркияда митинг болатынын және интернет, WatsApp, барлық коммуникация қайтадан толығымен бұғатталып, хабарласа алмайтынымызды ешкім білмеді. Күні бойы бір-бірімізге қоңырау шалуға тырыстық, бірақ еш нәтиже болмады.

Байланыс кешкі уақытта, Динара әуежайда болған кезде ғана пайда болды, сәйкесінше, көйлекті өлшеп көру мүмкін болмады. Десе де Динараның көйлегін тігуді жалғастырып жатырмын және көп ұзамай оның нәтижесін әрі Динараның қандай әдемі қалыңдық болғанын бәріміз көреміз деп сенемін", — деп жазды дизайнер.

Айта кетсек, Наиль Байкүшіков — талай танымал тұлғаға көйлек тігіп жүрген танымал қазақстандық дизайнерлердің бірі. Ол Динара Сәтжаннан бөлек, жақында Баян Мақсатқызына Queen Шоуға көйлек тігіп берген.

Еске салсақ, бұған дейін біз белгілі тележүргізуші, блогер Динара Сәтжан желідегі парақшасына ауылдан видео жариялап, елді қызықтырып қойғанын жазған едік. Желі қолданушылары Динараны сарыағаштық азаматқа тұрмысқа шықты деп болжаған.