0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Таразда жүзге жуық бала бір мезетте домбыра тартты. Күй күмбірлеткен жеткіншектердің дені 2-8 сынып оқушылары.
Олардың барлығы «Бақытты болашақ» оқушылар сарайының домбыра үйірмесіне қатысады. Төл аспаптың шанағынан күй төккен өрендер Құрманғазының «Балбырауынынан» бастап, Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқымын» да нақышына келтіріп орындады.
Әлмерек Қыдырбай, оқушы:
Біз бір ай үздіксіз дайындалған болатынбыз. Домбыраны ойнаған кезде біз бүкіл жанымызбен, тәнімізбен домбыраға беріліп ойнайтын боламыз. Әр қазақтың үйінде, әр қазақтың ошағында бір домбырадан тұру керек деп есептейміз. Себебі домбыра деген тек қана ол бір аспап емес, домбыра деген тарих, қазақи нақыш, қазақтың рухы деп айтсақ болады.
Данияр Әлімқұл