eGov-та жаңа функция пайда болады

Жаршы

Жақын арада eGov қосымшасында жаңа функция пайда болады, оның көмегімен қазақстандықтар жеке деректері тарап кеткен-кетпегенін тексере алады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Web-Totem ЖШС директоры Руслан Тұргелдиновтың айтуынша, жаңа Nomad Guard сервисі eGov жүйесімен біріктірілген.

"Электрон цифрлық қолтаңба арқылы кірген кезде жүйе сіздің ЖСН, аты-жөніңіз және электрон поштаны, мобильді азаматтар базасынан алынған деректерді пайдаланады. Дәл осы мәліметтер бойынша ақпараттың тарап кету ықтималдығы ізделеді. Табылған жағдайда 1414-тен, сондай-ақ, eGov Mobile қосымшасы арқылы хабарлама келеді", — деді ол ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, қазір жаңа функцияны тестілеудің соңғы кезеңі аяқталуға жақын. Алдағы күндері бұл функция қосымшада пайда болады және әрбір азамат өзінің жеке деректері тарап кеткен-кетпегенін тексере алады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз