Алматыда пластик қақпақтарды жинаудан эко-акция басталды

Жаршы

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында пластикалық қақпақтарды жинау акциясының келесі кезеңі басталды.

Экология және пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу мәселелеріне назар аудару, өскелең ұрпақтың қоршаған ортаның тазалығы мен сақталуы үшін жауапкершілігін қалыптастыруды мақсат еткен акцияға қаланың мектеп оқушылары, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері қатысады. Жиналған қақпақтарды оқушылар қала аудандарындағы кез келген коммуналдық орталықтарға немесе Марков көшесі, 44 мекенжайда орналасқан EcoNetwork Эко-хабына тапсыра алады.

Э.Серікқызы

Былтыр акция аясында қаланың 200-ден астам мектептері мен балабақшаларының қатысуымен 1,26 миллионнан астам пластикалық қақпақ жиналды.

АЛМАТЫ