Шымкентте шенеунік ұрланған ақшаға әйеліне электромобиль алып берген

Жаршы

Ел өңірлерінде заңсыз жұмсалған қаржы мен мүліктерді мемлекетке қайтару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Шымкентте мемлекеттік қызметкер ұрланған ақшаға зайыбына электромобиль сатып алған", — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек агенттік өкілі Шығыс Қазақстан облысында күдікті тұлға қылмыстық жолмен тапқан қаражатқа сатып алынған автокөлік пен екі пәтерді жұмыссыз туысының атына рәсімдегенін айтты.

— Сондай-ақ Жетісу облысында жүргізілген қаржылық тергеу нәтижесінде жалпы сомасы 2,8 млрд теңге болатын мүлік, соның ішінде қаражат, 6 автокөлік және 1 пәтер анықталып, тәркіленді, — дейді ол.