О. Бектенов Энергетика министрлігі ұжымына жаңа басшыны таныстырды

Жаршы

Үкімет басшысы Энергетика министрлігіне ведомствоның жаңа басшысын таныстырды. Олжас Бектенов Ерлан Ақкенженовтің энергетика, мұнай және газ саласында мол тәжірибесі бар екенін алға тартып, Мемлекет басшысы еліміздің энергетикалық инфрақұрылымын ауқымды жаңарту міндетін қойғанын атап өтті.

Сондай-ақ министрлік пен саланың жаңа басшысына стратегиялық маңызы бар жобаларды іске асыруды тапсырды. Бұдан бөлек, мұнай өнімдерін өндіру және ішкі нарықты көгілдір отынмен қамту мәселелерінде тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың басым бағыттарын белгіледі.