Ерлан Ақкенженов Энергетика министрі лауазымына тағайындалды

Жаршы

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Энергетика министрі лауазымына тағайындалды.

Ол 2023 жылдың маусым айынан бері энергетика вице-министрі қызметін атқарды. Ерлан Ақкенженов 1979 жылы Алматыда дүниеге келген. Әр жылдары мұнай газ саласында жұмыс істеген. Ал бұған дейін Энергетика министрлігін Алмасадам Сәтқалиев басқарған еді. Ол кеше Мемлекет басшысының Жарлығымен Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.