Абай облысында жасөспірімді соққыға жыққандарға сот үкімі шықты

Жаршы

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Абай облысының ауданаралық сот 6 сынып оқушысын аяусыз ұрып-соққан жасөспірімдердің ісіне қатысты шешім шығарды. Баланы жабыла тепкілеген үш жасөспірім арнайы мектепке 4 айға жіберілетін болды. Мектептің ұсынысымен бұл мерзім алдағы уақытта тағы созылуы мүмкін. Олардың екеуі қыз. Жасөспірімдер бұған дейін де бірнеше рет заң бұзып, қоғамдық орында мас күйінде ұсталған. Бұрыннан арнайы есепте тұрған. Төбелеске қатысы бар 11 ге толмаған екі бала мен болған оқиғаны телефонға түсірген 12 жасар қыз полицияға тіркеуге алынды.

Ержан Жақып