Израиль қорғаныс әскері ( ЦАХАЛ ) "саяси жағдайға сәйкес" Газа секторындағы ХАМАС нысандарына жаппай соққы беруді қайта бастағанын хабарлады, деп жазады РБК сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ЦАХАЛ-дың ресми мәлімдемесіне сілтеме жасаған басылым ақпаратына сәйкес, әскер 18 наурыздан бастап эксклавпен шекараға жақын орналасқан Израиль елді мекендеріндегі оқу орындарының жұмысын уақытша тоқтатуға бұйрық берді.
Израиль премьер-министрінің кеңсесі ХАМАС АҚШ-тың Таяу Шығыстағы өкілі Стив Уиткофф пен басқа да өкілдердің "барлық ұсынысын қабылдамады" деп мәлімдеді.
Араб тіліндегі БАҚ Израиль әуе күштерінің соққысынан қазірдің өзінде бірнеше адамның қаза тапқанын хабарлады.