БҚО-да екі қолымен амандаспаған ауылдасының жағын сындырған азамат сотталды

Жаршы

Батыс Қазақстан облысында ер адам ауылдасының бір қолмен амандасқанын сыйластық танытпады деп қабылдап, оның жақ сүйегін сындырып жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға Тасқала ауылында болған. Halyqstan хабарлауынша, сот материалдарында сотталушының дүкенге бара жатқан көршісімен кездескені айтылған. Ол екі қолын созып амандасқанымен, ауылдасы тек бір қолын ұсыныпты. Бұған ашуланған ер адам оны соққыға жығып, алғашқы соққысымен жақ сүйегін сындырған.

Сот бұзақылық ниетпен жәбірленушінің денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін айыпталушыны кінәлі деп танып, оған бір жыл алты айға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сонымен қатар сотталушы бір ай ішінде жәбірленушіге материалдық және моральдық шығын өтеуі тиіс.