Парижде Маңғыстау туралы деректі фильм көрсетілді

Жаршы

Парижде Франциядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен Маңғыстау туралы деректі фильм көрсетілді.

Туынды авторы – зерттеуші, велосаяхатшы Седрик Тассан. Ол Маңғыстау облысының Түрікменстан шекарасына дейінгі 600 шақырым аумағын жалғыз жүріп өткен. Саяхатшы сапарын бейнекамера және дронмен түсірді. СедрИк ТассАн ерекше тас шарлар жатқан Торыш және Бозжыра шатқалдары мен жерасты мешіттерін аралаған. Автор фильмді Францияның 40 қаласында көрсетуді жоспарлап отыр. Туынды қазірді өзінде туристерді баурап алды. Бір топ велосаяхатшы француз турагенттігі арқылы бірнеше аптадан кейін Маңғыстау аймағына аттанбақ ниетте.

Седрик Тассан, велосаяхатшы, режиссёр:

- Шынымен де, сіздердің елде керемет табиғат көріністері бар. Оларды әлемнің барлық туристері көру қажет. Біз Қазақстанның аз ғана бөлігі Маңғыстауды ғана көрсеттік. Алматы жақтағы табиғат Швейцарияны артта қалдыратыны сөзсіз. Көп адамдар әлі күнге Қазақстанды шөл дала деп ойлайды.

Адель Желански, фотограф:

- Мен Қазақстанды фотография тілімен жеткізу қалай болар екен деп қызықтым. Бір ғана суреттің өзі сіздің ел туралы көп нәрсені ұқтырып тұр. Керемет!

Эмманюэль Жюльен, велосаяхатшы:

- Фильмнен түсінгенім Қазақстан өте қонақжай ел, өте қайырымды халық. Әрине шөл далада көп адам кездесе қоймайды ғой, бірақ фильм кейіпкерін жергілікті тұрғындар әрқашан құшақ жая қарсы алғанын көрдік.