Қазақстан алдағы бес жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімін екі есе көбейтіп, еңбек өнімділігін үш есе арттыруы керек.
Ұлттық құрылтайдың ІV отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдына осындай міндет қойды. Мемлекет басшысы өз сөзінде жемқорлардың кесірінен бұл саланың дамымай келгенін баса айтты. Бұл бағыттағы өзекті түйткілдерге қатысты елорда тұрғындарының да айтары бар.
- Ауыл шарушалығын көтеру керек. Иесіз жер жау шақырады дейді. Бізде қаншама крестьяндар бар. Әдемі жылқының тұқымдары бар, қалмақ сиырлары бар, ақбас сиыр бар, еділбай қойлар бар. Соны үлкен азаматтар ауылдық жерлерге апарып, жастарды ауылға қарай бұрса.
- Субсидиялардың көлемін ұлғайтса деп ойлаймын ірі қара малдарға. Жетерліктей шөпке, жемге деген сияқты. Сол кезде қызығушылық артып, менің жасымдағы жастар да өз кәсібін ауыл шаруашылығында бастай алады деп ойлаймын.
- Ауыл шаруашылығын дамыту үшін бізде негізі көп жеңілдіктер қарастырылған. Субсидиялар жеке кәсіпкерлерге. Бірақ, оны дамыту үшін адамдардың өзіндік бір қанағаты керек деп ойлаймын. Мемлекет барынша көмек көрсетеді, бірақ сол субсидияны алумен ғана шектеледі. Әрі қарай ол егіннің игерілуі қалып кетіп жатады.
- Ауыл шаруашылығын дамыту керек. Оған өте көп күш керек. Көбінесе жол салу керек ол жаққа. Интернет өткізу керек. Су жетіспейді. Судың жағдайын туғызу керек. Мал жайылатын жер жоқ.