Павлодарда «Жасыл ел» аллеясы ашылады

Жаршы

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында биыл Павлодарда «Жасыл ел» аллеясын ашу жоспарланып отыр. Бұған «Жасыл ел» штабы мен аймақтағы барлық мектеп оқушылары қатысады. Сондықтан облыстық оқушылар сарайына кәсіби мамандарды шақырып жеткіншектерге ағаш көшеттерін қалай дұрыс егудің әдістері үйретіліп жатыр. Себебі отырғызылған көшеттер көп ұзамай солып қалады. Бұл ретте әр адам бағбандық әліппесінен хабардар болуы керек. Сонда еңбек еш кетпейді. Ал, ағаш егу жылдар бойы жалғасатын шаруа.

Жансая Сейітхан, Ақсу қаласы, Үштерек ауылы орта мектебінің 10-сынып оқушысы:

Мен бұл акцияға қоршаған ортаны қорғауға өз үлесімді қосу үшін қатысып отырмын. Жалпы қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа қамқорлық маңызды боп саналады. Теректер ауланы тазартады, көлеңке береді, топырақты қорғайды. Сондықтан әр адам табиғатқа үлесін қосып, жауапкершілікпен қараса біздің әлеміміз жаңара түсіп әрі жайлы болады деп ойлаймын.

Болат Аманбай