Алматы тауларында қар көшкінінен шаңғышы қаза тапты , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
17 наурызда Алматы ТЖД 112 пультіне "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының диспетчерінен курорттан бір шақырым жерде орналасқан Комсомол шыңы маңында көшкін жүргені туралы хабарлама түскен.
Нақтыланған ақпарат бойынша бұл Нунатак көлі маңындағы Талғар асуында болған. Үш шаңғышы тыйым салынған жерде шаңғы тепкен.
"Үшеуі де көшкін астында қалған. Екі жәбірленуші өз бетінше шыға алған, үшінші адамды "Шымбұлақ" құтқарушылары қар астынан алып шықты. Зардап шеккендердің жеке басы анықталады", — деді Алматы қаласы бойынша ТЖ департаменті өкілі.
ТЖД бұған дейін көшкін қаупі туралы ескерткен болатын. Ақпарат SMS және БАҚ арқылы таратылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!