«Қайтыс болған адам 50 жыл намаз оқымаса, 18 млн садақа беруі керек»: Желіде имамның сөзі талқыға түсті (ВИДЕО)

Жаршы

Әлеуметтік желіде имамның намаз оқымаған адам фидия (підія) яғни пітір-садақа беруі керек екенін айтты. Дін өкілінің айтқан сөзі қызу талқыға түсіп, көпшілікке жақпай қалды, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порталы.

«Бір адам бір апта ораза ұстамай өтіп кетті, бірақ оның балалары артынан фидиясын берді, сол сияқты қайтыс болған адам 5 уақыт намаз оқымай өмірден өтсе, әрбір оқылған 5 уақыт намазы үшін підія беруі керек. Олай болады7 Бұл шариғатта жоқ нәрсе емес, бар нәрсе.

Қазіргі кезде підіяны пітір садақамен бере салайық дейтіндер де бар. Пітір садақасы 250 теңге. Мысалы әкесі 50 жыл намаз оқымаған жігіт, підіяның орнына пітір садақа бергісі келеді. Енді 50-ді 365-ке көбейтіп, оны әрбір оқылған намазымен есептейтін болсақ, шамамен 18 миллион пітір садақа беруі керек», — деді имам.